Талғарда жаппай төбелес кезінде кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Болаттың әпкесі Бақыт Реимова халықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
«Мен өмірден өткен Нұрқанат пен Шерзаттың әпкесімін. Сіздерден артық кеткен жерім болса кешірім сұраймын. Екі бірдей бауырымнан айырылу маған да оңай емес. Сол күні ашу үстінде болдым. Мені түсінесіздер деп ойлаймын. Біреу қорқытып, айтқызып жатыр деп ойламаңыздар. Өз қатемді білемін. Керсінше қазақ еліне бас иемін. Қолдауларыңызға алғыс шексіз. Елден кетпес үшін дұға етіп жатқан кісілер бар екен. Мұндай қайғыны дұшпаныма да тілемеймін», - деді ол журналист Жан Ахмадиевке берген сұхбатында.
Айта кетсек, Бақыт Реимова «митингке үндегені үшін» деген айып тағылып, ағасы Қаржаубай Нұрымовпен қатар 15 тәулікке қамалып шыққан болатын.
Сонымен қатар Реимованы сот Қазақстаннан депортациялау жөнінде шешім шығарған. Бірақ адвокат Мейірман Шекеев заңсыздықтар бар екенін айтып, Шерзат Болаттың әпкесін елде алып қалуға күш салатынын мәлімдеді.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.