homepage
Juzmedia.kz

Астанада өрттен қаза тапқан үш баланың анасы есін жиды

18.04.2026, 09:37

Астанадағы қайғылы өрттен аман қалған әйел есін жиды, алайда оның жағдайы әлі де ауыр күйде қалып отыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Өрт салдарынан үш бірдей баласынан айырылған зардап шегуші жетінші тәулік қатарынан жансақтау бөлімінде жатыр.

Дәрігерлердің мәліметінше, оның жағдайының ауырлығы күйік ауруына, тыныс алу жолдарының зақымдануына және ағзаның улануына байланысты болып отыр.

Травматолог дәрігер Марат Сабыровтың айтуынша, қазіргі таңда науқас есін біледі және медицина қызметкерлерінің нұсқауларына жауап береді.

Оған қажетті дәрі-дәрмекпен ем жүргізіліп жатыр, тыныс алуы жасанды тыныс алу аппараты арқылы қамтамасыз етілуде. Жүрек жұмысы мен қан қысымы тұрақты.

Еске сала кетейік, 12 сәуірге қараған түні елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған өрт салдарынан үш бала қаза тапқан еді.

Осы қайғылы оқиғадан кейін Мәжіліс депутаттары тұрғын үй аулаларына көлікпен кіру мәселесіне қатысты қатаң шаралар қабылдауды ұсынды.