Қазақстанда зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын алу шарттары өзгеруі мүмкін. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мәліметінше, тиісті үкімет қаулысының жобасы қазір қоғамдық талқылап жатыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
LS жазуынша, құжатта зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін есептеу әдістемесін қайта қарау көзделген. Өзгерістердің басты мақсаты – азаматтардың болашақта лайықты зейнетақы алуына жеткілікті қаражат жинауын қамтамасыз ету.
Қазіргі таңда бұл шек ең төменгі жалақы, ең төменгі және базалық зейнетақы, күнкөріс деңгейі сияқты әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге сүйене отырып есептеледі.
Ал жаңа тәсіл бойынша есептеу актуарлық модельге негізделмек.
Жинақты алу қиындауы мүмкін
Жаңа жүйе зейнетақы төлемдерінің болжамды көлемін, өмір сүру ұзақтығын, инвестициялық табыстылық пен индексация сияқты қаржылық факторларды ескеретін болады. Сонымен қатар есеп әр азаматтың жасына қарай жеке жүргізіледі.
Бұл ретте зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу кезінде шотта болашақ зейнетақыға жеткілікті қаражаттың қалуы басты шартқа айналады.
Сарапшылардың айтуынша, мұндай тәсіл зейнетақы жүйесін нақты экономикалық жағдайларға жақындатып, азаматтардың қартайған шақта қаржы тапшылығына ұшырау қаупін азайтады.
Айта кетейік, қазіргі уақытта жеткіліктілік шегі шамамен 9,2-13,2 млн теңге аралығында (жас пен жынысқа байланысты).
Жаңа өзгерістер қабылданса, бұл көрсеткіш қайта қаралуы мүмкін.