homepage
International Judo Federation

Әділет Алмат Азия чемпионы атанды

17.04.2026, 14:54

Дзюдодан Қытайдың Ордос қаласында Азия чемпионатының екінші күні мәресіне жетті, деп хабарлайды Juzmedia.kz

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, 81 келідегі Әділет Алмат финалда Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Сомон Махмадбековпен белдесті.

Соның нәтижесінде отандасымыз қарсыласына юко және вазари әдісін жасап, жеңіске жетті.

Осылайша, ұлттық құрама қоржынында үш жүлде бар. Бұған дейін Абылайхан Жұбаназар (81 келіге дейін) және Эсмигүл Куюлова (63 келіге дейін) қола медаль алған еді.

Айта кетейік, бұған дейін 2022 жылы Данияр Шамшаев Астанада өткен сары құрлықтың додасында топ жарған еді.

Әділет Алматтың бұл Азия чемпионатындағы бірінші жүлдесі. Ол 2023 жылы жастар арасында Азия чемпионы атағына да қол жеткізген болатын.