homepage
Видеодан кадр

Миллион доллар жымқырған шетелдік Қазақстанға экстрадицияланды

17.04.2026, 12:14

Қазақстанда аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат Германиядан экстрадицияланды, деп хабарлайды Juzmedia.kz

Бұл операция Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі және Интерпол қызметкерлерінің бірлескен жұмысының нәтижесінде, сондай-ақ Қазақстанның Германиядағы Елшілігінің қолдауымен жүзеге асқан.

Миллион долларлық алаяқтық

Тергеу мәліметінше, күдікті 2014 жылы алдын ала сөз байласқан топ құрамында әрекет еткен.

“Ол компьютерлік техника жеткізуге көмектесемін деген желеумен қазақстандық кәсіпкерді алдап, 1 миллион АҚШ долларын иемденген”, – делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Қылмыстан кейін күдікті бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланған.

Тергеу изоляторына қамалған

2025 жылдың қыркүйегінде ол Германия аумағында ұсталып, Қазақстанның сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалған.

Аталған қылмыс дәлелденген жағдайда, оған мүлкін тәркілеу және 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.