Қарағанды облысының Шет ауданында мотоциклдердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы адам өліміне әкелді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы жағдай 16 сәуір күні кешкі уақытта Ағадыр кентінде болған. Бір бағытта келе жатқан екі мотоцикл соқтығысқан.
“Апат салдарынан екі жүргізуші – 37 жастағы ер адам мен 17 жастағы жасөспірім оқиға орнында қаза тапты.
Тағы бір адам түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.”, – делінген ПД хабарламасында
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.