Ақтау қаласындағы Rixos қонақүйінің жанындағы жағажайда жергілікті тұрғындар оннан астам өлі құсты тапты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Белгілі болғандай, құс өлекселері жағалау бойымен 500 метрдей қашықтықта шашылып жатқан.
Орнитологтар өлген құстарды аймақта жиі кездесетін кішкентай сұқсырлар деп болжайды.
«Куәгерлердің айтуынша, оқиға орнында құстардың жаппай қырылуына себеп болуы мүмкін балықшы құралдары, яғни балық аулайтын аулар болмаған. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің облыстық инспекциясының өкілдері бүгінде тексеру жұмыстарын бастап кетті», — деп хабарлайды жергілікті басылым.
Қазіргі уақытта құстардың жаппай қырылуының себебі белгісіз. Сарапшылар ықтимал экологиялық немесе антропогендік факторларды анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.