Павлодардағы әскери бөлімде атыс болып, бір әскери қызметші қаза тапты, сондай-ақ тағы бір сарбаз жараланды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, алдын ала дерек бойынша келісімшарт негізінде қызмет ететін әскери қызметші өзіне бекітілген қарудан оқ атқан.
“Оқиға салдарынан әскери қызметші оқиға орнында көз жұмып, тағы бір әскери қызметкер жарақат алған. 2001 жылы туған әскери қызметшіге медициналық көмек көрсетілуде”, – делінген хабарламада.
Қазір аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, болған жағдайдың барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Іс Әскери-тергеу департаментінің бақылауына алынды.
Құқық қорғау органдары азаматтарды тек ресми ақпаратқа сеніп, тексерілмеген мәліметтерді таратпауға шақырды.