homepage
gov.kz

Атырауда полиция басқармасының бастығы ұсталды

16.04.2026, 10:16

Атырау қалалық полиция басқармасының бастығы Бақтыбек Исаев ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Juzmedia.kz

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жоспарлы қызметтік тексеру барысында қалалық полиция басшысының тарапынан заңға қайшы әрекеттер анықталған.

«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Ол белгіленген тәртіппен ішкі істер органдарынан теріс себептермен қызметтен босатылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды», – деп хабарлады ІІМ.

Министрлік бұл шешімдер Ішкі істер министрі жүргізіп отырған заңдылықты қамтамасыз ету және кез келген заңбұзушылық үшін, лауазымына қарамастан, жауапкершіліктің бұлжымай орындалуын көздейтін қағидат аясында қабылданғанын атап өтті.