homepage
фото: коллаж Juzmedia

Қазақстанда жаңа партия құрылмақ

15.04.2026, 15:35

Құрылтай қарсаңында Қазақстанның саяси сахнасы қыза бастады. “Әділет” атты жаңа партия пайда болмақ. Бүгін бастамашыл топ Астанада жиналып, ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Juzmedia.kz

Өзін «прогрессивті реформа жақтаушылары» деп есептейтін топ Әділетті Қазақстан құру идеясын қолдайды.

Бастамашыл топтың құрамында 16 адам бар. Олардың арасында бала құқығы жөніндегі омбудсмен Динара Зәкиева, QAZAQ TILI қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы, саясаттанушы Марат Шибутов бар. Қазақстандағы ең бай адамдардың бірі, кәсіпкер Андрей Лаврентьев те бастамашыл топтан көрінді.

Әділет министрлігіне жаңа саяси ұйымды тіркеу ертең, яғни 16 сәуірде басталмақ. Содан кейін құрылтай съезін өткізбек. 

Айта өту керек, Қазақстанда Құрылтай сайлауы 2026 жылғы тамыз айында өтеді. Әзірге нақты күні белгісіз.

Бұған дейін Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Құрылтай сайлауына «дұрыс жұмыс істеген» оппозициялық партиялар да қатысып, парламентке өте алатынын айтқан.