Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында қызды некеге тұру мақсатында мәжбүрлеп алып қашқан бес адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Juzmedia.kz агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық соттың хабарлауынша, оқиға өткен жылдың 16 желтоқсанында болған.
Оқиғаның мән-жайы
Бес ер адам алдын ала сөз байласып, бойжеткенді еркінен тыс алып қашқан. Биылғы 8 сәуірде сот бұл іс бойынша соңғы шешімін жариялады.
Сот үкімі
Сотталушылар ҚР Қылмыстық кодексінің 125-1-бабы 2-бөлігі 1 және 4-тармақтары (Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобының күш қолдануымен некеге тұруға мәжбүрлеу мақсатында адамды ұрлау) бойынша кінәлі деп танылды.
«Сот шешімімен сотталушылардың әрқайсына 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - деп хабарлады соттан.
Айта кетейік, мұндай қылмыс үшін заңда айыппұлдан бастап, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.