Қазақстанда 19 наурыздан бастап тұтынушылық несие беруге қойылатын талаптар күшейтілді. Бұл шара халықтың шамадан тыс қарызға батуын (насиеленуін) азайтуға бағытталған. Алайда ресми талаптардың қатаңдауына қарамастан, елде заңсыз несие беру жағдайлары жиілеп кетті. Көбіне ресми қаржы ұйымдары несие беруден бас тартқан соң азаматтар «сұр» кредиторлар көмегіне жүгінуге мәжбүр болып жатады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Жаңа талаптар нені өзгертті?
Fingramota сарапшыларының жазкуынша, енді банктер қарыз алушы 30 күн кешіктірсе де жаңа несие беруден бас тарта алады (бұрын 90 күн болатын).
Сонымен қатар онлайн несиелерге «салқындау кезеңі» енгізіліп, міндетті биометриялық сәйкестендіру талап етіледі.
Бұл өзгерістер алаяқтықтың алдын алып, азаматтардың қаржылық тәртібін күшейту үшін енгізілген. Дегенмен ресми несие ала алмағандар көбіне заңсыз кредиторларға жүгінеді.
«Сұр» кредиторлар қалай жұмыс істейді?
Сарапшылардың мәліметінше, 2025 жылы тұтынушылық несиелердің өсу қарқыны айтарлықтай төмендеген.
Ал ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі дерегіне сүйенсек, 2024-2025 жылдары заңсыз микрокаржылық қызмет бойынша 19 қылмыстық іс тіркелген, ал 2026 жылдың екі айында тағы 6 іс анықталған. Заңсыз берілген несиелер көлемі 220 млрд теңгеден асқан.
«Сұр» кредиторлар – лицензиясыз жұмыс істейтін жеке тұлғалар немесе ұйымдар. Олар:
Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында 12 жыл бойы заңсыз несие беріп келген кредитор ұсталды. Ол жылдық мөлшерлемесі 60-120%-ға дейін жететін қарыздар ұсынып, азаматтардан 1,8 млрд теңгеден астам табыс тапқан.
Мұндай несиенің қаупі қандай?
«Сұр» кредиторларға жүгінудің соңы бірқатар қауіпке әкелуі мүмкін:
Қаржы мамандары азаматтарға тек лицензиясы бар ресми ұйымдарға жүгінуді ұсынады. Күмәнді ұсыныстардан бас тартып, келісімшарттарды мұқият оқу – қарыз қақпанына түспеудің ең тиімді жолы.