Көктем – тек табиғаттың жаңаратын кезі емес, бұл уақытта сезімдер де бүр жарады. Бүгін, 15 сәуірде қазақстандық ғашықтар “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” күнін атап өтеді. Бұл әрбір адамзат баласы өмірінде бір рет болса да басынан кешетін ғажап күй туралы әңгіме қозғауға сеп болатын ерекше күн. Ендеше, махаббат қайда басталады? Әсіресе, күннің көп бөлігін кеңседе өткізетін астаналықтар үшін маңызды сұрақ: қызметте, жұмыста сезімге ерік беруге бола ма? Осыны анықтау үшін hh.kz платформасы 1700-ден астам жұмыс іздеуші мен жұмыс беруші арасында сауалнама жүргізіпті.
Зерттеу нәтижесі мынаны көрсеткен:
Жұмыстағы махабаббаттың соңы ортақ шаңырақ көтерумен де аяқталып жатады. Сауалнамаға қатысқандардың 11%-ы әріптестерімен некеге тұрса, тағы 16%-ы кездесіп жүр. Осылайша, кеңседегі ғашықтықтың әрбір төртінші жағдайы жұп құрылуына әсер еткен.
Жұмыс орнындағы сезімге қалай қарайсыз?
Егер жұмысқа кедергі келтірмесе, бұл қалыпты – 44%
Қатаң түрде қарсы – 27%
Жағдайға байланысты – 18%
Жауап беру қиын – 7%
Бұл танысу үшін тамаша орын – 5%
Қорытынды: Респонденттердің басым бөлігі (44%) қызметтік роман жұмысқа әсер етпесе, оны қалыпты деп санайды. 27% бұған қарсы. Ал 18% бәрі жағдайға байланысты дейді, 5% жұмысты танысу үшін жақсы мүмкіндік деп есептейді.
Осылайша, HeadHunter жүргізген сауалнамаға қарағанда, жұмыс орны тек кәсіби орта ғана емес, кейде шынайы сезімдердің де бастауына айналады. Қатысушылардың жартысынан астамы кем дегенде бір рет әріптесіне көңілі ауғанын мойындаса, әр төртінші адам мұндай сезімнің қарым-қатынасқа ұласқанын айтқан.
Дегенмен, бұл мәселеге салқынқандылықпен қарайтындар да бар. Ал респонденттердің шамамен тең жартысы дұрыс жоспарлау арқылы жеке өмір мен мансапты қатар алып жүруге әбден болады деп санайды.