homepage
фото: коллаж Juzmedia

Eminem мен Shakira Қазақстанда концерт береді

15.04.2026, 01:13

Алматыда америкалық рэп орындаушы Eminem мен колумбиялық поп-жұлдыз Shakira концерт қоюы мүмкін. Екі әртіс те Қазақстанға келуге келісім бергенімен, нақты концерт күндері әзірге жарияланған жоқ.

Бұл жағымды жаңалық Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінде айтылды. «Спорттық құрылыстар дирекциясы» ЖШС басшысы Есет Байтасов олардың өнер көрсетуі қаланың Орталық стадионында жоспарланып отырғанын жеткізді. Айта кетейік, аталған стадион 2026 жылы қайта жөндеуден өтеді.

Бұған дейін Қазақстанға әлемге әйгілі 13 әртістің келуі мүмкін екені хабарланған еді. Олардың қатарында Eminem, Shakira және Beyoncé бар. Дегенмен, мұндай ауқымды концерттерді өткізуге лайықты сахна мен инфрақұрылымның жетіспеуі негізгі кедергі болып отыр.