homepage
фото: ашық дереккөзден

"Бесқонақ" келді: қар жауып, күн суытады

15.04.2026, 00:54

Астанада қар жауып, күн суытады. Жалпы, елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. «Қазгидромет» 15 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Астанада көшпелі бұлт, қар аралас жаңбыр жауып, желдің екпіні секунына 15-20 метрге дейін жетпек. Елордада түнде ауа температурасы +4..+ 6°C, күндіз + 7…+9°C деңгейінде болады. Алматыда да күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы +11°C, күндіз + 22…+24°C дейін көтеріледі. 
Шымкент аспанын көшпелі бұлт торлап, жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +11…+13°C, күндіз + 19…+21°C. 

Елдің батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Петропавл мен Семейде түнгі уақытта ауа температурасы -1°C төмендейді. 

Қазақ халқы ықылым заманнан бері "бесқонақ сәуірдің сегізіне кіріп, он сегізіне шығады" деп есептейді. Дәл осы күндері ауа райы күрт бұзылып, тосын мінез көрсетеді.