homepage
фото: ашық дереккөзден

Мектеп бітіру кешінің көңілсіз өтетін түрі бар

14.04.2026, 16:21

Оқу-ағарту және Ішкі істер министрліктері жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, мектеп бітіру кештерін өткізуге жаңа талаптар енгізбек, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Енді аттестаттарды табыстау рәсімі мен мектеп бітіру кештері тек білім беру ұйымдарында өтуі керек, одан тыс жерлерде ұйымдастырылмайды. Сонымен қатар, оқушылардан, ата-аналарынан қаражат және өзге де материалдық сыйлық жинауға қатаң тыйым салынады.

«Жергілікті атқарушы органдарға қаржылық шығындарды талап етпейтін тәрбиелік және мәдени-ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыру және түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы Алтынсарин атындағы гимназияның түлектері мектеп кешіне 200 мың теңгеден ақша жинағаны анықталып, бұл оқиғаға қатысты Алматы қаласының тұрғыны шағымданып, президентке үндеу жолдаған. Кейін Алматы қаласының білім басқармасы аталған гимназияның басшылығы мен аудандық білім басқармасына сөгіс жариялады.