homepage
фото: ашық дереккөзден

Блогер Қайсар Хамза Вьетнамда ұсталды

14.04.2026, 00:45

Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық блогер Қайсар Хамза Вьетнамда ұсталды. Ол заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

«Қазақстан Ішкі істер министрлігі Интерпол арналары бойынша Вьетнам Социалистік Республикасының құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау барысында Камрань қаласында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін халықаралық іздеуде жүрген блогерді ұстады», – деп хабарлады полиция.

2,4 млн оқырманы бар блогер әлеуметтік желілерде онлайн-казиноның жарнамалық бейнематериалдарын орналастырып, құмар ойындарды насихаттаған. Осы жарнамасы үшін ол 100 млн теңгеден астам мөлшерде заңсыз табыс тапқан.

«Ақшалай қаражат оның атына тіркелген криптовалюта әмиянына аударылып отырған. Қазіргі уақытта оны Қазақстан Республикасына экстрадициялау мәселесі шешілуде», – деп мәлімдеді ІІМ.

Блогерге  2026 жылдың 10 қаңтарынан юері іздеуде жүрген.