homepage

216 250 теңге: мамыргүлді жұлғандар айыппұл төлейді

13.04.2026, 17:56

Енді мамыргүлді (сирень) жұлғандарға да 216 250 теңге көлемінде айыппұл салынуы мүмкін. Полицияның мәліметінше, гүл жұлғаны үшін 50 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Гүл қала аумағында, аулада, саябақта немесе көше бойында өссе, оны сындыруға немесе жұлуға болмайды. Бұл үшін айыппұл салынуы мүмкін.

Ал егер бұта жеке аумақта өсіп тұрған жағдайда меншік иесі зиян келтірілді ме, жоқ па, оны өзі шешеді. Өтемақы талап етуге құқылы. Тіпті моральдық зиян үшін де талап қоюы мүмкін. Оның мөлшері заңмен шектелмеген. Әлеуметтік желілерде мамыргүлді жұлғаны үшін салынатын айыппұл туралы ақпарат қызу талқылана бастады.

Бұған дейін Ақтөбе облысына қарасты ауылдық округтің әкімі сары қызғалдақтармен түскен фотосуреті үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеген еді.