Қазақстанда ғылыми кадрларды қолдау, халықаралық ынтымақтастықты дамыту және білім-технология алмасу бағыттары стратегиялық басымдыққа ие. Бұл ретте «Болашақ» және «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламалары елдің ғылыми әлеуетін арттыруға ықпал етіп отыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ мәліметінше, «Болашақ» бағдарламасы арқылы әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында 13 мыңнан астам маман даярланған, оның ішінде 500-ден астамы ғылыми қызметкер ретінде білім алған.
Ал «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы аясында 1300-ге жуық маман шетелде тәжірибе жинақтаған.
Мамандардың айтуынша, бұл көрсеткіштер Қазақстанда ғылым саласының жүйелі дамып келе жатқанын көрсетеді.