homepage
Depositphotos.com

Қаржыны қалай үнемдеп, табысты арттыруға болады - лайфхак

11.04.2026, 15:47

Қаражатты үнемдей білу – табыс көлеміне қарамастан, әрбір адамға қажет дағды. Ол бюджетіңізді дұрыс жоспарлап, ақшаның қажетті дүниелерге жеткенін қамтамасыз етеді әрі ірі мақсаттарға жинақ құруға мүмкіндік береді. Ең бастысы, ақшаңызды үнемдей отырып, өмір сапасын төмендетпеген дұрыс, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Отбасын бюджетін басқарудың қарапайым тәсілдері

Ең алдымен, өз табысыңыз бен шығыныңызды талдаудан бастаңыз. Бір ай бойы барлық кіріс пен шығысты жазып жүрсеңіз, қай тұста артық ақша кетіп жатқанын оңай байқайсыз. Осы арқылы қажетсіз шығындарды қысқартып, маңызды бағыттарды анықтауға болады.

Келесі қадам – бюджет жоспарлау. Ай басында қанша табыс түсетінін, қанша қаражат жинаққа кететінін белгілеп, алдағы шығындардың тізімін жасаңыз. Міндетті төлемдер мен кейінге қалдыруға болатын шығындарды бөліп қарағаныңы жөн. Бұл әдіс ұнаған затыңызды ойланбай сатып алудан сақтайды.

Мына дағдыларды күнделікті орындап жүрсеңіз, әжептәуір шығынның алдын алуға болады:

  • дүкенге алдын ала тізім дайындап бару;
  • жеңілдік карталары мен ұялы қосымшаларды пайдалану;
  • дайын тағамның орнына үйде тамақ әзірлеу;
  • кэшбэк беретін банк карталарын қолдану.

Сонымен қатар коммуналдық төлемдерді азайту үшін есептегіш құралдарын орнату, энергия үнемдейтін шамдарды пайдалану және артық қызметтерден бас тарту да тиімді.

Жинақ қалыптастыру және қаржылық сауат

Қаражат жинау – тек үнемдеу емес, жүйелі әдет те. Мамандар табыстың кем дегенде 10%-ын жинаққа аударып отыруды ұсынады. Мұны жеңілдету үшін банктегі автоматты аударым қызметтерін пайдалануға болады.

Бос уақытты да тиімді ұйымдастыру арқылы шығынды азайтуға болады. Тегін іс-шараларға қатысу, жеңілдіктерді бақылап жүру, өз бетіңізше саяхат жоспарлау – бәрі де ақша үнемдеудің қарапайым жолдары.

Қаржылық сауаттылықты арттырудың да маңызы зор. Әлеуметтік жеңілдіктер, салықтық қайтарымдар мен инвестиция мүмкіндіктері туралы ақпараттардан хабардар болып жүру табысты дұрыс басқаруға көмектеседі.

Неден үнемдеуге болмайды?

Әлбетте, қаржы үнемдеу ақылға қонымды болуы тиіс. Денсаулыққа, сапалы тағамға, білім мен кәсіби дамуға, сондай-ақ қауіпсіздікке қатысты шығындарды азайтқан дұрыс емес. Арзан дүниелер кейде кейін үлкен шығынға әкелуі мүмкін.

Қорытындылай айтқанда, қаржыны үнемдеу – шығынды ғана азайту емес, саналы тұтыну мен табысты тиімді басқару. Дұрыс жоспарлау арқылы қажетсіз шығындардан бас тартып, маңызды мақсаттарға қаражат жинай аласыз.

Дереккөз: rencredit.ru