homepage
Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстанда ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталады

11.04.2026, 15:14

2026 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысатын талапкерлер үшін өтініш беру мерзімі жарияланды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, тіркеу 11–25 сәуір аралығында жүргізіледі.

Өтініш беру тәртібі

Талапкерлер өтінішті онлайн түрде:

  • app.testcenter.kz сайты арқылы;
  • немесе UTO.kz мобильді қосымшасы арқылы тапсыра алады.

Маңызды мерзімдер:

  • 11–16 сәуір – ҰБТ-ға бір рет өтініш беру мүмкіндігі;
  • 17–25 сәуір – бір немесе екі рет өтініш беру қолжетімді болмақ.

Ал тестілеудің өзі 10 мамыр мен 10 шілде аралығында өтеді.

Өтініш беру кезінде талапкерлер тест тапсыратын орынды, күнді және уақытты өздері таңдай алады.

Кімдер қатыса алады?

Негізгі ҰБТ-ға:

  • 11 (12) сынып бітірушілері;
  • өткен жылдардың мектеп және колледж түлектері;
  • ЖОО-ға шартты түрде қабылданған талапкерлер;
  • қандастар;
  • шетелде білім алған Қазақстан азаматтары қатыса алады.

Айта кетерлігі, талапкерлер ҰБТ-ны екі рет тапсыруға мүмкіндік алады. Екі сертификаттың біреуін таңдап, грант конкурсына немесе ақылы бөлімге қатыса алады.

2026 жылғы мектеп бітірушілер үшін тестілеу тегін, ал басқа қатысушылар үшін құны – 5 640 теңге.

Уақытты өткізіп алмас үшін өтініш беру мерзімдерін алдын ала жоспарлаған жөн.