2026 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысатын талапкерлер үшін өтініш беру мерзімі жарияланды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, тіркеу 11–25 сәуір аралығында жүргізіледі.
Өтініш беру тәртібі
Талапкерлер өтінішті онлайн түрде:
Маңызды мерзімдер:
Ал тестілеудің өзі 10 мамыр мен 10 шілде аралығында өтеді.
Өтініш беру кезінде талапкерлер тест тапсыратын орынды, күнді және уақытты өздері таңдай алады.
Кімдер қатыса алады?
Негізгі ҰБТ-ға:
Айта кетерлігі, талапкерлер ҰБТ-ны екі рет тапсыруға мүмкіндік алады. Екі сертификаттың біреуін таңдап, грант конкурсына немесе ақылы бөлімге қатыса алады.
2026 жылғы мектеп бітірушілер үшін тестілеу тегін, ал басқа қатысушылар үшін құны – 5 640 теңге.
Уақытты өткізіп алмас үшін өтініш беру мерзімдерін алдын ала жоспарлаған жөн.