homepage
United World Wrestling

Күрестен Азия чемпионаты: қазақстандық балуан жартылай финалға шықты

11.04.2026, 12:32

Қазақстандық еркін күрес шебері Болат Сақаев Қырғызстанның Бішкек қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, 86 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ширек финалда отандасымыз Солтүстік Корея өкілі Сон Ган Джиден басым түсті.

Белдесуде Сақаев 12:2 есебімен мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Айта кетейік, жартылай финалдық белдесулер бүгін, 11 сәуірде өтеді.