Қазақстанда әйелдерге арналған «Ұмай» және «Жасыл» ипотекасы іске қосылады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Отбасы банк пен Азия даму банкі 90 млрд теңге қарыз беру туралы келісімге қол қойды. Отбасы банк бұл қаражатты несие беруге пайдаланады.
Krisha.kz жазуынша, банк алғашқы кезеңде 2000-нан астам несие беруді жоспарлап отыр.
Бағдарлама қашан іске қосылады?
Екі ипотеканың да басталатын күні мен мөлшерлемесі әзірге белгісіз. Бұған қатысты Отбасы банк кейін хабарлайтыны айтылды.
Дегенмен бағдарлама екінші жартыжылдықта іске қосылады деген болжам бар.
Бұған дейін мөлшерлеме 14-15 %-дан басталып, бірнеше жыл төлем жасағаннан кейін төмендейтін. Бұл жолы да осындай схема сақталады.
«Ұмай» ипотекасының шарттары
Бұл ипотека жұмыс істейтін әйелдерге арналған.
Табысқа қойылатын талаптар өзгерді. Бұрын тек әйелдің табысы есептелетін, ол айына 640 мың теңгеден аспауы керек еді. Енді отбасының жалпы табысы айына 1 млн 250 мың теңгеден аспауға тиіс.
«Ұмай» бағдарламасы бойынша мынадай пәтер сатып алуға болады:
Қатысушы Алматы немесе Астанада пәтер алса, банк тұрғын үй құнының 80 %-ына дейін қаржыландырады. Қалған 20 %-ын сатып алушы бастапқы жарна ретінде сатушыға өзі төлейді.
Басқа өңірлерде банк 85 %-ға дейін қаржыландырады, бастапқы жарна 15 % болады.
«Ұмай» бағдарламасы бойынша сатып алынған үй әйелдің атында болуы керек. Егер ол некеде болса, мүлік ортақ меншік болып рәсімделеді. Бірлескен қарыз алушыларды қосуға болады.
Бұл бағдарлама арқылы тұрып жатқан үйді жөндеуге несие алуға болады:
Екі ипотеканың артықшылықтары
Тұрғын үйді Қазақстанның кез келген аймағынан алуға болады, банк тіркелген мекенжайға қарамайды.
Қарыз алушыда жылжымайтын мүлік бар ма, маңызды емес.
«Жасыл ипотека» бағдарламасының шарттары
«Жасыл ипотека» барлығына арналған.
Банк пәтер құнының 80 %-ына дейін қаржыландырады.
Қалған 20 %-ын сатып алушы бастапқы жарна ретінде төлейді.
«Жасыл ипотека» бойынша мынадай тұрғын үй сатып алуға болады:
Жөндеу жұмыстарына да несие алуға болады:
Қатысушыларға не істеу керек?
Болашақ қатысушы кез келген ипотекадағыдай төлем қабілеттігін алдын ала ойлауы қажет.
Ресми табыс және кемінде 6 ай зейнетақы қорына аударым жасалуы керек.
Банк ипотека рәсімдегенде мыналарды ескереді:
Сондықтан мүмкіндігінше барлық несиені жауып тастаған дұрыс.