homepage
Видеодан кадр

Ақтөбе облысында жол апатынан жүргізуші қаза тапты

11.04.2026, 10:19

Ақтөбе облысында екі автокөлік соқтығысып, салдарынан адам шығыны тіркелді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасы 10 сәуір күні шамамен сағат 23:00-де Ақтөбе – Жайсаң автожолында болған. ВАЗ-2115 пен Lada Granta көліктері соқтығысқан.

“Апат салдарынан ВАЗ-2115 жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Ал Lada Granta жүргізушісі мен екі жолаушы түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілді”, – делінген облыстық ПД  хабарламасында.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп, оқиғаның нақты себептері анықталуда.

Полиция жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтауды ескертіп, әсіресе түнгі уақытта жылдамдықты асырмауға, қарсы жолаққа шықпауға және шаршаған күйде көлік басқармауға шақырады.