homepage
Фото: jaidarman_production

Түркістанда Жайдарманның Ұлттық лигасы басталды

10.04.2026, 21:42

Түркістан қаласында Жайдарманның Республикалық Ұлттық лигасы 1/8 финалдық кезеңі аяқталды. Ойындарды Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының "Жастар ресурстық орталығы" мен Қазақстан КВН одағы бірлесіп ұйымдастырды деп хабарлайды juzmedia.kz.

Дүбірлі додаға еліміздің түкпір-түкпірінен және көршілес Қарақалпақстаннан жиналған 28 команда қатысты. Тартысқа толы ойындарда жастар тапқырлығымен және актерлік шеберлігімен танылды. Шараның өтуіне "Freedom Ticketon" компаниясы бас серіктес ретінде қолдау көрсетті

Шараның ашылуында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ол Жайдарман қозғалысының жастар тәрбиесі мен ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі рөлі жоғары екенін жеткізді.

Сайыс қорытындысы бойынша қазылар алқасы 18 команданы іріктеп алды. Енді осы үздік шыққан ұжымдар 1/4 финалда бақ сынайды. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, алдағы кезеңдер де тартысты өтпек, ал финалдық бәсеке тағы да Түркістан төрінде ұйымдастырылады.

Еске салайық, бұл жоба жастардың шығармашылық әлеуетін ашуға және қазақ тілді әзіл-сықақ жанрын дамытуға бағытталған. Кезекті іріктеу кезеңі Түркістанның мәдени өміріне серпін беріп, жас таланттарға жол ашты.