Елімізде халықтың демографиялық жағдайы өзгеріп келеді. Ресми мәліметтер бойынша, Қазақстанда қартаю индексі айтарлықтай өскен. Ұлттық статистика бюросының мамандары қай өңірлерде қарттар саны басым екенін жариялады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Қартаю индексі дегеніміз не?
Бұл – қоғамдағы балалар мен қарттардың арақатынасын көрсететін өлшем. Нақтырақ айтсақ, 15 жасқа дейінгі әрбір 100 балаға 65 жастан асқан қанша адам келетінін білдіреді.
Негізгі көрсеткіштер
Статистика елімізде қарттар үлесінің біртіндеп артып келе жатқанын растайды:
Бұл дегеніміз, қазіргі таңда әрбір 100 балаға шаққанда, шамамен 33 қарт адамнан келеді.
Қала мен ауыл көрсеткіші
Қалалық жерлерде қартаю үдерісі ауылға қарағанда жылдамырақ жүріп жатыр:
Ең «жас» және ең «кәрі» облыстар
Еліміздің оңтүстігі мен батысы демографиялық жағынан өте жас болса, солтүстік пен шығыс аймақтарда қарттар саны басым.
Мәселен, Солтүстік Қазақстандағы көрсеткіш (84,1) Маңғыстау облысымен (16,2) салыстырғанда 5 еседен астам жоғары.
Қартаю индексінің өсуі болашақта әлеуметтік және экономикалық өзгерістерге әкеледі. Бұл зейнетақы жүйесіне, медициналық қызметке деген сұранысқа және еңбек нарығына тікелей әсер ететін көрсеткіш.
Еліміздің оңтүстік және батыс аймақтары демографиялық өсімнің драйвері болып қала бермек, ал теріскей өңірлерде халықтың қартаю мәселесі басты назарда қалып отыр.