homepage
juzmedia.kz

Баспана нарығы қызды

10.04.2026, 17:22

ҚР Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, 2026 жылғы наурыз айында елде тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 28 493 мәміле жасалған. Бұл ақпан айымен салыстырғанда 3,9%-ға көп, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Жалпы алғанда, жеке үйлер бойынша 5 951 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 22 542 мәміле жасалған. 

Мәмілелер саны бойынша Алматы (6 428), Астана (4 924) қалалары және Қарағанды облысы көш бастап тұр. Ал ең аз көрсеткіш Ұлытау облысында тіркелген – 208 мәміле.

Қанша бөлмелі пәтерге сұраныс өсті?

Наурыз айында пәтерлер бойынша мәмілелер саны 6%-ға өсіп, 22 542-ге жетті. Бұл барлық сауданың 79,1%-ын құрайды.

Көпқабатты үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі бөлігі:

  • Алматы – 26,3%;
  • Астана – 21,4%;
  • Қарағанды облысы – 8,4%.

Бөлмелер саны бойынша ең көп сатылғаны – бір бөлмелі пәтерлер. Наурызда мұндай 8 510 мәміле тіркелген.

Жеке үйлер сатылымы азайды

Жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны, керісінше, 3,4%-ға төмендеп, 5 951 болды. Дегенмен кейбір өңірлерде өсім байқалған. Мысалы, Павлодар облысы, Ақмола облысы және Солтүстік Қазақстан облысында сатылым артқан.

Жылдық салыстыру бойынша 2026 жылғы наурыздағы мәмілелер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,7%-ға көбейді. Алайда 2026 жылдың қаңтар-наурыз айларын 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жалпы көрсеткіш 4,6%-ға төмендеген.