Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өткен 2026 жылғы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын иеленді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Жалпы есепте Қазақстандық боксшылар жарысты 13 медальмен аяқтады. Оның ішінде 6 алтын, 2 күміс, 5 қола медаль бар.
Азия чемпионы атанғандар қатарында Оразбек Асылқұлов, Сабыржан Аққалықов, Нұрбек Оралбай, Айбек Оралбай, Надежда Рябец және Дина Исламбекова бар.
Екінші орынға Үндістан құрамасы, ал үшінші орынға Өзбекстан құрамасы тұрақтады. Жалпы жүлдегерлер қатарынан 14 елдің спортшылары көрінді.
Президент боксшыларды құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ұлттық құрамасын Азия біріншілігіндегі табысты өнер көрсетуімен құттықтады.
Президент спортшылардың жалпыкомандалық есепте бірінші орын алып, отандық бокс мектебінің жоғары деңгейін көрсеткенін атап өтті. Сонымен қатар алтын медаль иегерлерінің ортақ жеңіске қосқан үлесіне ерекше назар аударылды.
Мемлекет басшысы қазақстандық боксшылардың алдағы халықаралық жарыстарда да көк байрағымызды биікте желбірете беруіне тілектестік білдірді.
Жүлдегерлер қанша сыйақы алады?
Қазақстанда Азия чемпионатының жүлдегерлеріне мемлекет тарапынан қаржылай марапат қарастырылған. Үкімет қаулысына сәйкес:
Осындай сыйақы жаттықтырушыларға да беріледі, алайда бір медаль үшін қаражат бірнеше бапкер арасында бөлінеді.
Сонымен қатар федерация тарапынан қосымша бонус берілуі мүмкін, бірақ оның нақты көлемі әзірге жарияланған жоқ.