Қазақстанда тұтынушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін техникалық реттеу жүйесі жұмыс істейді. Оның басты мақсаты – сапасыз әрі қауіпті өнімдердің нарыққа шығуына жол бермеу және тұтынушыларды жаңылыстыратын әрекеттердің алдын алу, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Өнім сатылымға шығар алдында өндірушілер мен импорттаушылар оны міндетті түрде сынақтан өткізіп, қауіпсіздігін сертификат немесе сәйкестік декларациясы арқылы растауы тиіс. Сауда және интеграция министрлігі өкілдері хабарлағандай, техникалық регламенттер өнімнің биологиялық, химиялық, электр, өрт және басқа да қауіпсіздік талаптарын қамтиды.
Бақылау қалай жүргізіледі?
Уәкілетті органдар нарықты тексеру барысында профилактикалық бақылау әдісін қолданады. Бұл тәсіл заңбұзушылықтарды алдын ала анықтауға және кәсіпкерлерге кемшіліктерді өз бетінше түзетуге мүмкіндік береді.
Бақылау барысында бұқаралық ақпарат құралдары, ашық дереккөздер және азаматтардың өтініштері негізге алынады.
Сонымен қатар бақылау мақсатындағы сатып алу жүргізіледі. Бұл әдіс арқылы өнімдер сатып алынып, зертханалық сынақтан өтеді.
Мәселен, биыл бақылау сатып алуы аясында бірнеше өңірде көмір, кабель өнімдері мен жанар-жағармай үлгілері зерттеуге жіберілген.
Заң бұзғандар қалай жазаланады?
Мамандардың мәліметінше, 2025 жылы мемлекеттік бақылаудың 3163 түрі жүргізіліп, олардың 31%-ында заңбұзушылықтар анықталған. Нәтижесінде 26,7 млн теңгеден астам айыппұл салынған.
Техникалық регламент талаптарына сай келмейтін өнімді сатқандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Айыппұл мөлшері:
Мамандар тұтынушыларға күмәнді өнім анықталған жағдайда тиісті органдарға шағымдануға кеңес береді.