2026 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстанда темекі өнімдерінің өндірісі біршама өскен. Екі айдың ішінде елде 4 млрд дана сигарет, папирос және өзге де темекі бұйымдары шығарылған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе көп (2,7 млрд дана), деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Еnergyprom зерттеуіне сүйенсек, 2025 жылдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 24,4 млрд данаға жетіп, бір жылда 36,2%-ға артқан. Бұған дейін салада салыстырмалы тұрақтылық байқалған: 2024 жылы өндіріс 1,2%-ға төмендеп, 17,9 млрд дана болған, ал 2021 жылы көрсеткіш небәрі 16,2 млрд дананы құраған.
Қазақстандық өнімдер үлесі қанша?
Қаңтар айында ішкі сұраныс негізінен отандық өндіріс есебінен қамтамасыз етілген. Қазақстандық өнімнің үлесі 92,5%-ға жетсе, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 76,7% болған. Импорт көлемі керісінше 53,9%-ға қысқарып, 142 млн данаға дейін төмендеген.
Экспорт та айтарлықтай өскен. 2026 жылдың қаңтарында шетелге 795,2 млн дана темекі өнімдері жөнелтілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 2,7 есе көп. Ал ішкі нарықтағы сатылым бір айда 7,2%-ға артып, 1,1 млрд данаға жеткен.
Қазақстандықтар қанша шылым шегеді?
Бағаның өскеніне қарамастан, темекі шегетіндер үлесі тұрақты көрсеткіште қалған. 2025 жылы 15 жастан асқан әрбір алтыншы қазақстандық темекі тұтынған (17,5%).
Темекі шегу көлемі бойынша: