Жамбыл облысында 15 жастағы мектеп оқушысы өз үйінің сарайында асылып қалған күйінде табылды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.
"Оқиға орнында полицияның жедел-тергеу тобы, прокуратура қызметкерлері, білім беру басқармасының өкілдері, психологтар және балалар құқықтары жөніндегі уәкіл жұмыс істеп жатыр. Тергеудің толық, объективті және жан-жақты жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Тергеу мүддесіне сай қосымша ақпарат жарияланбайды.