Қостанай қаласының №2 соты бірнеше адамға қатысты аса ірі мөлшердегі алаяқтық ісін қарады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Сот материалдарына сәйкес, айыпталушы азамат алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы ірі көлемде қаржы жымқырған деп танылды.
Тергеу барысында анықталғандай, айыпталушы интернет-сауда платформалары арқылы клиенттерге тауарларды бөліп төлеу бағдарламасымен рәсімдеуді ұсынып, алынған қаражатты тауар сатып алуға емес, жеке мақсаттарына пайдаланған.
Сонымен қатар лицензиясыз түрде валюта айырбастау қызметін ұсынып, ресми бағамнан төмен курс арқылы ақша айырбастаумен айналысқан.
“Осы әрекеттердің салдарынан жәбірленушілерге 470 миллион теңгеден астам залал келген” – делінген сот хабарламасында.
Сот шешімі
Сот айыпталушының кінәсін ішінара мойындауын, өкініш білдіруін және отбасылық жағдайын ескере отырып, оған қатысты:
Сонымен қатар жаза өтеу 5 жылға кейінге қалдырылып, жәбірленушілердің азаматтық талаптары толық қанағаттандырылды.
Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.