homepage
Ұлттық олимпиада комитеті

Азия чемпионаты: қоржында тағы екі алтын

10.04.2026, 11:39

Бокстан Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионаты аясында Қазақстан құрамасының екі боксшысы алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Алғаш болып шаршы алаңға шыққан Оразбек Асылқұлов 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үндістандық Сачин Сачинмен финалда кездесті.

Бірінші раундта қарсыласы 5:0 есебімен алға шыққанымен, екінші кезеңде қазақстандық боксшы 3:2 есебімен басым түсті. Шешуші раундта Асылқұлов шабуылда белсенділік танытып, нәтижелі соққылар жасап, төрешілердің 3:2 есебімен жеңісіне қол жеткізді.

Осылайша, ол Қазақстан қоржынына алтын медаль салды.  

Кейін 75 келіге дейінгі салмақта Сабыржан Аққалықов финалда өзбекстандық Жавохир Абдурахимовпен қолғап түйістірді.

Бірінші раундта 4:1 есебімен басымдық танытқан жерлесіміз кейінгі кезеңдерде де үстемдігін сақтап, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті. 

Айта кетейік, бұған дейін осы турнирде  әйелдер арасындағы финалдық жекпе-жекте қазақстандық боксшылар Надежда Рябец пен Дина Исламбекова алтын жүлде жеңіп алңан болатын. Жеңімпаздарды Мемлекет басшысы құттықтады.