Қазақстанда ішкі және халықаралық бағыттардағы әуе билеттерінің бағасы тағы қымбаттай түседі. Мұндай болжамымен сала сарапшысы Серік Мұхтыбаев бөлісті, деп хабарлайды Juzmedia.kz агенттігі LS-ке сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта баға өсімі 30%-ға жетті. Сарапшының мәліметінше, 2026 жылдың қаңтарында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда Қазақстан ішіндегі эконом-класс билеттері шамамен үштен бірге қымбаттаған. Бұл 2021 жылдан бергі соңғы бес жылдағы ең жоғары жылдық өсім ретінде тіркелді.
Сонымен қатар 2025 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда билеттер бағасы 11,8%-ға арзандады. Бұл мерекеден кейінгі кезеңмен байланысты.
Сарапшының айтуынша, жолаушылар саны тек 0,9%-ға артқан. Ал 2026 жылдың қаңтарында әуе компанияларының табысы 12,5%-ға өскен. Бұл табыстың көбіне баға өсіру арқылы артқанын көрсетеді.
Сонымен қатар сарапшының айтуынша, 26 наурызда Көлік министрлігінің №151 бұйрығы күшін жойды. Оның ішінде әуежай алымдары да бар. Бұл өзгерістің бағаға қалай әсер ететіні әзірге белгісіз.
"Жалпы, маусымдық сұраныс пен авиаотын тапшылығына байланысты бағалар әлі де өсуі мүмкін", – деп түйіндеді сарапшы.