homepage
Depositphotos.com

Қазақстандағы ең бай әйелдер кімдер?

10.04.2026, 10:38

Forbes Women Kazakhstan журналы алғаш рет Қазақстандағы ең бай 25 әйелдің рейтингін жариялады. Рейтингке енгендердің жалпы байлығы 8,1 млрд долларды құрады. Көш басында Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Динара Құлыбаева тұр. Оның жалпы байлығы 5,4 млрд доллар, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Forbes.kz дерегінше, бұл рейтингтің ерекшелігі - қатысушылар байлығының басым бөлігі отбасылық немесе серіктестік бизнес арқылы қалыптасқан. Сарапшылар бағалауынша, қатысушылардың 85-90%-ының капиталы мұрагерлік, неке немесе бизнес-топтардағы үлес арқылы құралған. Соған қарамастан, әйелдер тек актив иелері болып қана қоймай, бизнес басқаруға да белсенді араласып, жаңа өнімдер жасап, компанияларды әртараптандыруға үлес қосып отыр.

Барлық қатысушының жиынтық капиталы шамамен 8,1 млрд долларды құрайды. Бұл капиталдың негізгі бөлігі тізімнің жоғарғы жағында шоғырланғанын көрсетеді: жалпы байлықтың 67%-ы бір қатысушыға тиесілі болса, алғашқы бестік 87%-ын құрайды.

Еліміздегі ең бай 10 кәсіпкер әйел:

  1. Динара Құлыбаева – 5,4 млрд доллар;
  2. Мукадасхан Ибрагимова – 650 млн доллар;
  3. Дариға Назарбаева – 550 млн доллар;
  4. Анжела Сәрсенова – 249 млн доллар;
  5. Айжан Есім – 207 млн доллар;
  6. Айдан Сүлейменова – 175 млн доллар;
  7. Қаншайым Сейітжанова және Жанна Сейітжанова – 84 млн доллар;
  8. Алена Сүлейменова – 73 млн доллар;
  9. Гаухар Қаппарова – 65 млн доллар;
  10. Гүлнар Досаева – 61 млн доллар,

Рейтингте қаржы, энергетика, жылжымайтын мүлік, бөлшек сауда, білім беру және өнеркәсіп салаларындағы активтері бар кәсіпкерлер ұсынылған.

Сараптамаға сәйкес, қатысушылардың байлығы олардың иелігіндегі активтердің жиынтық құны бойынша бағаланған.