homepage
фото: ALMA

Almaty Museum of Arts: медиагид тағы үш тілмен толықты

10.04.2026, 00:37

Almaty Museum of Arts (ALMA) әлемнің түкпір-түкпірінен келетін қонақтар үшін мүмкіндіктерді кеңейтуде. Бүгіннен бастап музейдің ресми медиагидінен қытай, корей және испан тілдерін табуға болады. Енді өнер туындыларының бірегей топтамасы, экспонаттардың тарихы және музейдің архитектуралық ерекшеліктерімен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ғана емес, тағы да жаңа үш тілде танысуға болады. Бұл - түкпір-түкпірден келетін туристер үшін музейді бұрынғыдан да жақын етіп, екі ел арасындағы мәдени диалогтың нығаюына ықпал етеді.

Интуитивті түрде түсінікті интерфейс пайдаланушыларға қажетті тілдік пакетті таңдауға және өз смартфоны арқылы экспозиция бойынша кәсіби аудио сүйемелдеу мен мәтіндік сипаттаманы алуға мүмкіндік береді. Жаңа тілдердің қосылуы әлемнің түкпір-түкпірінен келетін өнерсүйер қауым үшін инклюзивті әрі технологиялық орта қалыптастыру жолындағы музейдің стратегиялық қадамы. Виртуалды гидті ашу үшін ресепшнде QR-кодты сканерлеу жеткілікті. Қандай да бір қосымшаныжүктеп алудың немесе тіркелудің қажеті жоқ. Кодты сканерлеп, туындылармен өзіңізге ыңғайлы қарқында танысыңыздар.

Almaty Museum of Arts (ALMA) – Қазақстандық коллекционер әрі меценат Нұрлан Смағұлов негізін қалаған жаңа заманауи өнердің жеке мұражайы. Мұражай 2025 жылдың күзінде ашылды. Музей миссиясы – өнер атаулымен жақын байланыс жасап, ашық диалог орнату арқылы адам мен қоғамның дамуына жол салатын кеңістік құру.

Мұражай Қазақстан мен Орталық Азия өнерін зерттеп, қолдап, қастерлеп сақтаумен қатар, оны жаһандық көркем оймен ұштастыра отырып, кәсіби орта мен қарапайым қауымға бағытталған тұрақты мәдени кеңістік қалыптастырады. ALMA қорында 700-ден астам өнер туындысы бар, оған қазақстандық шеберлердің (Айша Ғалымбаева, Салихитдин Айтбаев, Рустам Хальфин, Алмагүл Меңлібаева және басқалары) шығармалары мен жаһандық өнердің негізгі есімдері кіреді: Ричард Серра, Яёи Кусама, Ансельм Кифер, Билл Виола. Йинка Шонибаре, Алисия Кваде және Жауме Пленсаның арнайы Almaty Museum of Arts үшін жасаған ашық аспан астындағы монументал мүсіндерінің орны тым бөлек. Мұражайдың сәулеті британиялық Chapman Taylor бюросы, сондай-ақ Lord Cultural Resources және Buro Happold компанияларының қатысуымен жасалған (Buro Happold портфолиосында Guggenheim Bilbao, Louvre, Centre Pompidou бар). Сәулеті қос L тәрізді құрылымнан тұрады, оның бір бөлігі Тянь-Шань тауларын еске салатын Юра әктасымен қапталса, ал екіншісі қала тұрмысының қарқынды ырғағын көрсететін алюминий панельдермен жабылған.

Мұражай дүйсенбіден басқа күндері күн сайын 11:00–20:00 аралығында жұмыс істейді (кіру уақыты 19:00-ге дейін). Стандартты билет құны – 2000 теңге, арнайы билет – 500 теңге. Әртүрлі санаттағы келушілер үшін қосымша жеңілдіктер мен тегін кіру мүмкіндіктері қарастырылған.