Атырау қаласының тұрғыны алаяқтық жасап, лауазымды тұлғаға пара беруге көндіргені үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Сот үкімімен ол 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Алайда сот шешімінің заңдылығы тексерілген кезде, қылмыс нәтижесінде алынған 10 млн теңге мемлекет кірісіне тәркіленбей қалғаны анықталған.
“ҚР Бас прокуратурасы кассациялық наразылық білдіргеннен кейін сот актілері қайта қаралып, аталған қаражат мемлекет пайдасына өндірілді”, – делінген ведомтво хабарламасында.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, мұндай қылмыстар үшін мүлікті тәркілеу және 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.