Оңтүстік Кореяның Чолла-Намдо провинциясында орналасқан Муан әуежайында ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Yonhap агенттігінің хабарлауынша, Jeju Air әуе компаниясының Boeing 737-800 жолаушылар ұшағы ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, қоршауға соғылған.
ЕКІ АДАМ ҒАНА ТІРІ ҚАЛДЫ
Алдын ала мәлімет бойынша, апат құстар соғылған шассидегі ақау салдарынан болған.
"Соңғы мәліметі бойынша, 179 адам қаза тапты. Бортта барлығы 175 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған. Жолаушылар арасында 173 корей және екі Тайланд азаматы болған. Кем дегенде екі адам аман қалды", - делінген агенттік хабарламасында.
Айта кетерлігі, Бангкоктан ұшып шыққан ұшақ жергілікті уақыт бойынша 08:30-да қонуы тиіс болатын. Алдын ала мәліметтер бойынша, шассидің дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты ұшақ фюзеляжға қонуға әрекеттенген, бірақ ұшқыштар ұшу-қону жолағының соңына дейін жылдамдығын төмендете алмай, соңында қоршауға соғылған. Соның салдарынан ұшақ өртке оранған.
ҰШАҚТА ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР БОЛҒАН БА?
ҚР Сыртқы істер министрлігі апатқа ұшыраған ұшақ бортында Қазақстан азаматтары болмағанын мәлімдеді.
"Корея билігінің алдын ала мәліметі бойынша, ұшақ апатынан қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ", - деп түсіндірді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.