Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда бокстан Азия чемпионатында әйелдер арасындағы финал жекпе-жектері басталды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Спортты дамыту дирекциясынан хабарлағандай, Қазақстан Ұлттық құрамасының спортшысы Бақыт Сейдіш (-70 кг) ақтық сында Арундхати Чоудхаримен (Үндістан) күш сынасып, тартысты өткен айқаста қарсыласына есе жіберді.
Осылайша, Бақыт ересектер арасындағы алғашқы Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Есеп: 1-4.
Айта кетейік, Бақыт Сейдіш - 2022 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы.
Бүгін әйелдер арасында тағы 2 отандасымыз бас жүлдеге таласады.