Алматы хайуанаттар бағында кенгурулар көбейіп, бірден үш бірдей төл өмірге келді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бұл – мекеме үшін қуанышты жаңалық.
Мамандардың мәліметінше, сұр кенгурулар Лорд пен Ларадан, сондай-ақ Тик пен Линдадан екі төл туған.
Лара алтыншы рет төлдесе, Линда алғаш рет ана атанып отыр. Ал жирен кенгурулар Мартин мен Мартадан тағы бір еркек төл дүниеге келген.
Дәстүр бойынша, хайуанаттар бағы жаңа туған жануарларға ат қоюға қала тұрғындарын шақырып отыр.
Екі кенгурудың жынысы әлі анықталмағандықтан, оларға еркек төлге де, ұрғашы төлге де сай келетін есімдер ұсынуға болады.