Шымкент қаласында 8-сынып оқушысы өз-өзіне қол салып, көз жұмды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Қайғылы оқиға 6 сәуірде сағат 17:21 шамасында болған. Жасөспірімді туыстары үйінен тауып алған.
Қалалық білім басқармасының мәліметінше, оқиға орнына жедел жәрдем шақырылғанымен, дәрігерлер келген кезде баланың денесінде өмірлік белгілері болмаған. Сондай-ақ марқұм ешқандай медициналық есепте тіркелмегені хабарланды.
Оқиғаның нақты себептері әзірге белгісіз.
Аталған дерек бойынша Шымкент қаласы полиция департаменті қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын бастады.
Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, өткен жылы қалада 11 оқушы суицид жасағаны тіркелген. Сонымен қатар білім беру ұйымдарындағы буллингке қатысты 400-ден астам шағым түскен.