homepage

Ер адам өзінің төрт кішкентай баласын бауыздап өлтірді деген күдікке ілінді

Juzmedia. kz
28.12.2024, 16:48

Ресейдің Тергеу комитеті Тверь маңында ер адамның төрт бірдей кішкентай баланы өлтірді деген күдікке ілінгенін мәлімдеді. Оқиғадан кейін ер адам өзін пышақтап, ауруханаға түскен, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

ОҚИҒАДАН СОҢ ӨЗІНЕ ҚОЛ ЖҰМСАМАҚ БОЛҒАН

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, құқық қорғау органдары қылмыстан кейін ер адамның өзіне қол жұмсамақ болғанын мәлім еткен.

Белгілі болғандай, ер адам Ресей азаматтығын алған Тәжікстанның тумасы болып шықты. Сондай-ақ балалардың үлкені жеті жаста екені айтылды.

«Әкесі өзінің төрт баласын бауыздап өлтірген... Әйелін бөлек бөлмеде қамап қойған... Ол өзіне қол жұмсамақ болғанымен, оны туысы дер кезінде тоқтатқан... Ол ұсталды. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр», - делінген хабарламада.

ОТБАСЫНДАҒЫ 6 БАЛАНЫҢ ЕКЕУІ АМАН ҚАЛҒАН

Белгілі болғандай,  отбасында алты бала болған. Ер адам бірінші қабатта ұйықтап жатқан төрт кішкентай баланы пышақтап тастаған. Ал екеуі, алдын ала мәлімет бойынша, бөлек ұйықтап жатқан. 2017, 2019, 2021, 2023 жылы туған балалар оқиға орнында көз жұмған.

Өлтірілген балалардың 3, 5 және 7 жастағы үш ұл, сондай-ақ 1 жасар қыз екені айтылды. Олардың әкесі - Ресей азаматтығын алған 37 жастағы Тәжікстан тумасы.

Балаларды өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

«ӘЙЕЛІН ҚЫЗҒАНҒАН...»

Shot Телеграм-арнасының жазуынша, ер адам қылмыс жасамас бұрын әйелін басқа бөлмеге қамап қойған, сол себепті әйел оларды құтқара алмаған.

«Бұрын бұл отбасы полицияның назарына ілікпеген, «жергілікті тұрғындар олардың жағымсыз қылықтарын байқамаған», - деп жазды арна.

Балаларды өлтіруінің алдын ала себебі - ер адамның әйеліне деген қызғаныш сезімі болуы мүмкін. Балалардың әкесі әйелінің өзін жүйелі түрде алдап келгенін айтқан.

Mash Телеграм-арнасы өз кезегінде балалардың анасы екінші қабатта ұйықтап жатқанын, алайда шуды естіген ол күйеуінің ағасымен бірге төменге түскенін, сол кезде балалардың ендігі тірі емесін байқаған жазады. Ал ер адамды «тамағын орып жібермек болғанда тоқтатқан».   

ТУЫСТАРЫ НЕ ДЕЙДІ

Ер адамның ағасы оның үш күн бұрын өзін «біртүрлі» ұстай бастағанын айтқан. Көршілері де бірнеше күн бойы үйден ұрыс-керіс естіліп, ер аадмның өзін «біртүрлі әрі агрессивті» ұстай бастағанын айтқан.

Дәрігерлер ер адамның сұмдық қылмысты есірткінің әсерінен жасаған-жасамағанын анықтау үшін қажетті сараптамалар өткізбек. 

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.