Денсаулық сақтау министрлігі Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында ем алып жатқан 6 адамның жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
ТӨРТЕУІ ЖАНСАҚТАУ БӨЛІМІНДЕ ЖАТЫР
«Бүгінгі таңда Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында 6 пациент емделуде, оның төртеуі реанимация бөлімшесінде, екеуі травматология бөлімінде жатыр. Олардың жағдайы нашарлаған жоқ, бір пациент вазопрессордан шығарылады және бір зардап шеккен адамның тониктерінің дозасы 3-тен 1-ге дейін төмендетілді», - деп атап өтті мамандар.
Министрлік мәліметінше, Қырғызстан Республикасы денсаулық сақтау органдарымен 3 зардап шеккен адамды тасымалдау бойынша мәселелер пысықталып жатыр, оның ішінде 2 азамат тасымалданатын жағдайда болса, 1-уі ауыр жағдайда – ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Әзербайжан Республикасынан екі пациентті эвакуациялау мәселесі бойынша дәрігерлермен консилиум өткізу, олардың тасымалдау жағдайындағы жай-күйіне баға беру жоспарланып отыр.
ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРДІҢ ЖАРАҚАТЫ ҚАНДАЙ?
Ақтау қаласындағы әуежай маңында жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан зардап шеккен 29 адамның 27-сі Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді.
Пациенттер әртүрлі жарақатпен, негізінен бірнеше зақымдармен келіп түсті, бұл – мидың жабық жарақаты, мидың шайқалуы, кеуде қуысының жабық жарақаттары, травматикалық шок.
Кеме апатынан кейін 10 минуттың ішінде зардап шеккендерге медициналық алғашқы көмек көрсету үшін Маңғыстау облысының 22 жедел медициналық жәрдем бригадасы мен апаттар медицинасы орталығының 6 бригадасы оқиға орнында болды.
Зардап шеккендерді Ақтау қаласының стационарларына уақтылы емдеуге жатқызу, білікті іріктеу және алғашқы сын сағаттарда толық емдеу-диагностикалық көмек көрсетудің арқасында 29 адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік туды.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 800 ЛИТР ҚАН ТАПСЫРДЫ
Сондай-ақ қарапайым адамдар, әртүрлі өңірлерден келген отандастарымыз бей-жай қарамай, қиындыққа бірден жауап берді.
«Екі күннің ішінде республика бойынша қан орталықтарында 1,5 мыңнан астам адам 800 литр қан тапсырды. Ақтаудың өзінде донорлық пункттерге 490 адам келді, Астанада – 600 – ден астам адам, Шымкентте – 125, Ақтөбеде – 109, Жетісуда – 49, Қарағандыда-40, ШҚО-34 адам қан тапсырды және басқа өңірлерде де адамдар бұл апатқа бей-жай қараған жоқ», - делінген хабарламада.
Денсаулық сақтау министрлігі біздің медицина қызметкерлеріне көмектескен, қайғылы ұшақ апатынан зардап шеккендерге қан тапсыруға қатысқан барлық азаматтарға алғысын білдіреді.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.