Ақтөбеде облыс әкімдігі ғимаратынан өрт шықты. Ақтөбе қаласында Әбілқайыр хан даңғылында орналасқан 6 қабатты әкімшілік ғимараттың шатырын жалмаған қызыл жалынды сөндіру үшін ТЖМ құтқарушылары жұмылдырылды.
Оқиға орнына ТЖД күштері мен құралдары жедел жетті. Адамдар эвакуацияланып, кейін ведомство зардап шеккендер жоқ деп мәлімдеді. Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Өрттің неден шыққаны анықтадып жатыр.