homepage
фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда енді жертөлелер мен паркингтер бункер ретінде салынады

07.04.2026, 16:28

Қазақстанда биылдан бастап жертөлелер, паркингтер табиғи апаттар мен әскери жағдайлар кезінде және дрондардан бас сауғалайтын бункер ретінде салынуы тиіс. Бұл туралы сауда және интеграция министрлігі хабарлады.

Жаңа талапқа сай, жертөлелер мен паркингтерде желдету жүйесі, су және электрмен қамту, санитарлық жағдай жасалуы керек. Ғимараттардың техникалық жағдайы тексеріліп, қажет болса жөнделіп, күшейтіледі.

Министрліктің мәліметінше, қазір бар жертөлелер, төменгі қабаттар, жерасты өткелдері мен метро да бас сауғалайтын орын ретінде бейімделмек. Ведомство мұндай тәжірибе әлем елдерінде көп екенін айтады. 

Осыдан екі жыл бұрын төтенше жағдайлар министрлігі азаматтардың қорғанысына арналған нысандардың 70 пайызы жекеменшікке өтіп кетті деп мәлімдеген.