homepage
фото: instagram

Әнші Гүлнар Сиқымбаеваның жоғалған ұлы өлі табылды

07.04.2026, 13:14

Алматы қаласында екі аптаға жуық уақыт бойы іздестірілген Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі, танымал әнші Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлы Баирдың денесі табылды. Қайғылы хабарды көпшілікке журналист Жазира Бегалы әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізді. 

«Танымал әнші Гүлнар Сиқымбаеваның ұлы табылды. Ол – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлы. Жаны жәннатта болсын», – деп жазды ол.

Баирдың жоғалғаны туралы ақпарат наурыз айының соңында тараған болатын. Туыстарының мәліметінше, ол 24 наурыз күні Алматы қаласындағы Коперник көшесінде орналасқан үйінен шығып кетіп, содан бері қайта оралмаған. Осы уақыт аралығында оны еріктілер мен құқық қорғау органдары бірлесіп іздеді. 

Қазіргі уақытта марқұмның нақты неден қайтыс болғаны туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ. Құзырлы органдар тиісті сараптамаларды тағайындап, оқиғаның толық мән-жайын анықтап жатыр.