homepage
фото: ашық дереккөзден

Not Free: Қазақстан тағы да «еркін емес елдер» қатарында

06.04.2026, 17:41

Freedom House ұйымы дәстүрлі – “Freedom in the World 2026” халықаралық рейтингін жариялады. Қазақстан тағы да саяси құқықтар мен азаматтық бостандықтар ең көп шектелген елдердің қатарына енді. Ел 100 мүмкін ұпайдың 23-ін ғана жинап, “еркін емес” мемлекеттер санатына жатқызылды, деп хабарлайды Juzmedia.kz. 

Баяндама авторларының қорытындысына сәйкес, мұндай төмен көрсеткіш ең алдымен, тәуелсіз медиаға жасалатын қысыммен байланысты болып отыр. Журналистер мен редакциялар әкімшілік кедергілерге, цензураға және қудалауға жиі тап болады. Сарапшылардың пікірінше, бұл еркін ақпарат тарату мен балама көзқарастарды білдіру мүмкіндігін айтарлықтай шектейді.

Есепте азаматтық қоғамның жағдайы да маңызды фактор ретінде көрсетілген. Құжатта белсенділер мен қоғамдық ұйымдардың қызметіне бақылаудың күшейгені айтылады. Бұл елдегі  демократиялық институттардың қалыптасуына кедергі келтіреді. Сарапшылар Қазақстанда саяси бәсеке жоқ деген қорытындыға келіп отыр.