homepage
Видеодан кадр

Қарағанды облысында 50 адам отырған автобус аударылып қалды

06.04.2026, 12:12

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Бесоба ауылынан 15 шақырым жерде вахталық автобус аударылды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері көлік ішінде 50 адам болғанын хабарлады.

Тікұшақпен эвакуацияланды

Құтқарушылар жедел түрде оқиға орнына жетіп, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетті.

“ТЖМ әуе кемесімен үш адам Қарағанды қаласындағы медициналық мекемелерге жеткізілді. Сонымен қатар құтқарушылар жедел жәрдем және Апаттар медицинасы орталығы мамандарымен бірлесіп, тағы 30 адамды Ботақара ауылы ауруханасына апарды”, – делінген хабарламада.

Зардап шеккендердің жағдайы орташа деп бағаланып отыр.

Министр бақылауына алынды

Айта кетерлігі, авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ күштері мен техникасы, «Матақ» ТМҚП, ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы, Қазавиақұтқару қызметі, жедел жәрдем бригадалары және полиция жұмылдырылды. Жағдай Төтенше жағдайлар министрлігінің бақылауына алынды.