Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы 75,97 жасқа жетті. Бұл ел тарихындағы ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 1991 жылдан 2025 жылға дейінгі демографиялық деректер халықтың денсаулық жағдайы мен өмір сапасында елеулі оң өзгерістер болғанын көрсетеді.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында, яғни 1991 жылы бұл көрсеткіш орта есеппен 67,6 жасты құраған болатын. Кейінгі жылдардағы динамика төмендегідей өрбіді:
Осылайша, соңғы үш жарым онжылдықта қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 8 жылдан астам уақытқа артты.
Денсаулық сақтау шараларының тиімділігі
Мамандардың пікірінше, өмір сүру ұзақтығының артуына әсер еткен негізгі фактор — инфекциялық емес аурулармен (жүрек-қан тамырлары, онкология және т.б.) күрес шаралары.
2025 жылы Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірінде инфекциялық емес аурулардан болатын өлім-жітімді 25%-ға төмендеткен алғашқы 10 елдің қатарына енді. Бұл жетістік ДДСҰ-ның Еуропалық жұмыс бағдарламасындағы басты мақсатты индикаторлардың бірі саналады.
Сарапшылар мұндай оң динамиканы денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту, халықтың әл-ауқатын арттыру және өлім деңгейін төмендетуге бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың жемісі деп бағалайды.
2029 жылға дейінгі жаңа меже
Қазақстан Үкіметі денсаулық сақтау саласын дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында өмір сүру ұзақтығын 77 жасқа жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл межеге жету үшін алдағы уақытта мына бағыттарда жұмыс күшейе түспек: